АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРАБЫ
Жақсылық етсең жарты етпе!
- Сынаққа түскен адам баласының қамқорлықты қажет еткен уақытында оларға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа жақындай түседі. Адамдарға жақсылық жасау – айналадығаларды өзгеге қуаныш сыйлауға ұмтылдырып, қоғамдық адамгершілікке үндейтін маңызды істердің бірі. «Игілік-Қамқор» қайырымдылық қоры бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемиялық жағдайдық себебінен жақын жанашырларынан айырылған азаматтар мен азаматшаларға, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға арнайы азық-түлік заттары салынған жәрдем қораптарын таратады. Тұрғындардың бірнеше күндік азық-түлік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.