ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
Біз білімді жастармен біргеміз!
- Елбасымыз өзінің жолдауында «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы-білім жүйесі. Орта мектеп-білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады»-деп атап көрсеткеніндей, «Игілік Қамқор» Қоғамдық қайырымдылық қоры әрдайым армандайтын, бірақ өз армандарын жүзеге асыруда қиналатын оқушылармен бірге. Сондай-ақ, қор білім беру жобаларымен жастардың білім алуына қолдау көрсетеді. Қажеттілікке сәйкес дайындалған оқу құралдары (сөмкелер, карандаш, өшіргіш, бояулар және т.б. заттар) Қазақстандағы және шет елдердегі білім алып жатқан жастарға үміт сыйлайды.
- Ел болашағы білімді жастардың қолында! Сауатты ұрпақ жетістіру ісіне өз үлесін қосқысы келетін жомарт жандарға әрдайым есігіміз ашық. Сіздің беретін көмегіңіз ел болашағының жарқын болуына қосылатын үлес деп біліңіз!