ШӘКІРТАҚЫ

Дарынды балаларға қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің кезекті Жолдауында «Ауылдың дарынды балаларын анықтайтын жеке жол картасын» әзірлеуді тапсырған болатын. Аталған міндеттің жүзеге асуына үлес қосу мақсатында дарынды оқушы жастарға ерекше көңіл бөліп, білімдерін жетілдіре түсуге жағдай тудыруымыз керек дегенді алға тартып, дарынды балаларымызға қолдау көрсетіп, оларды жетістікке талпындырудың ең озық үлгісі ретінде «Шәкіртақы тағайындау» жобасын жүзеге асырады.  Осы арқылы «Игілік-Қамқор» қоғамдық қайырымдылық қоры білім алуды қалайтын, аз қамтылған жастарға қолдау көрсетеді. Қор, Қазақстанда немесе шетелде оқитын Қазақстандық студенттер үшін жыл сайын шәкіртақы ұсынады. Әсіресе, аз қамтылған, жетім балалар мен дарынды жастарға арналған стипендия жүйесімен студенттердің жылдық оқу шығындарына көмектеседі.