АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРАБЫ

Жақсылық етсең жарты етпе!

  • Сынаққа түскен адам баласының қамқорлықты қажет еткен уақытында оларға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа жақындай  түседі. Адамдарға жақсылық жасау – айналадығаларды өзгеге қуаныш сыйлауға ұмтылдырып, қоғамдық адамгершілікке үндейтін маңызды істердің бірі. «Игілік-Қамқор» қайырымдылық қоры бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемиялық жағдайдық себебінен жақын жанашырларынан айырылған азаматтар мен азаматшаларға, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға арнайы азық-түлік заттары салынған жәрдем қораптарын таратады. Тұрғындардың бірнеше күндік азық-түлік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.