ЖЕТІМДЕРГЕ ДЕМЕУ
Жетімнің жүзіндегі күлкі
- Зерттеулерге сәйкес, әлемде 140 миллионнан астам бала соғыс немесе табиғи апаттар салдарынан отбасыларынан айырылған. Басқа статистикалық мәліметтерге қарағанда, әлемде күн сайын шамамен 10 000 бала жетім қалады. Осы деректердің өзі жағдайдың қаншалықты нашар екендігін көрсетеді. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болу үшін «Игілік-Қамқор» қоғамдық қайырымдылық қоры балалармен бірге. Олардың білім алуы, жатақхана, тамақтану және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қор әлемнің әр түкпірінен мыңдаған жетім балаға көмек қолын созады.