Біз жайлы

Біз жайлы

- Қазақстанда, сонымен қатар, әлемнің әр түрлі мемлекетінде көмек қызметін жүзеге асырады;
- ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды, әлеуметтік жағдайы төмен студенттер мен мұқтаж отбасыларды қайырымды жандармен біріктіретін «мейірімділік» көпірі;
- қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған тегін көмек беру қызметін көрсетеді;
- халықтың денсаулық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
«Игілік-Қамқор» Қоғамдық қайырымдылық қорының басты мақсаты – мұқтаж адамның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоғамдағы ынтымақтастық сана-сезімін нығайту, ізгі адамдарға және ізгі қоғамға қызмет ету.
Біз «Жақсылық әлемді құтқарады» - деп сенеміз!

Мақсаты

ҚР Заңнамасына сәйкес отандық және шетелдік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан және жеке тұлғалардан демеушілік, гуманитарлық және өзге де көмек түрлерін алу арқылы мұқтаж жандарға үлестіру;
- Қайырымдылық қорлардың қызмет ету құқықтары шеңберінде Қазақстанда, сонымен қатар, әлемнің әр түрлі мемлекетінде көмек қызметін жүзеге асыру;
- қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған тегін көмек беру қызметін көрсету;
- әр түрлі әлеуметтік топтағы адамдардың денсаулық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету

Міндеті

Білім беру жобаларымен жастардың білім алуына қолдау көрсету, оқушылардың сапалы білім алулары үшін қажетті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету;
- Аз қамтылған, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен дарынды жастарға арналған стипендия жүйесі арқылы студенттердің жылдық оқу шығындарына көмектесу;
- Ата-анасынан айырылған жетім балалардың білім алуы, жатақхана, тамақтану және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
- Пандемиялық жағдайдың себебінен жақын жанашырларынан айырылған азаматтар мен азаматшаларға, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға арнайы азық-түлік заттары салынған жәрдем қораптарын тарату арқылы тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету.